Жаңалықтар

Tesla көлігі -36 градуста отала ма?

Tesla көлігі -36 градуста отала ма?
Фото: Видеодан алынған кадр 08.01.2024 16:14 1006

Ресейде Tesla көлігінің иесі ерекше эксперимент жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол электромобильді түнде далада қалдырып, кейіннен оталдырып көрмек болған.

Электромобиль далада тұрғанына қарамастан, жеке үйдің ауласында болғандықтан, түнімен қуат көзіне қосулы тұрған.

Салонда -36 градус. Айдауға дайын, - деді көлік иесі. 

Электромобиль қуат күшінен нәр алып тұрғандықтан, батарея режимінің жұмысына де кедергі келмеген.

Ал пікір жазушылар мұндай көлік түрлері қақаған аязға шыдас бермейтінін, әзірге жанармаймен жүретін көліктен артығы жоқ екенін жазып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға