Жаңалықтар

Терроризмді насихаттаған күдікті ұсталды

Терроризмді насихаттаған күдікті ұсталды
Фото: ҚР ҰҚК 23.05.2024 09:30 557

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруі және полицияның көмектесуімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Ол терроризмді насихаттады деген күдік бар.

Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.
Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған адам бұрын ауыр жалпы қылмыстар жасағаны үшін сотталған. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға