Жаңалықтар

Теннистен отандық үздік бапкерлер анықталды

Олар бірнеше санат бойынша марапатталды
Теннистен отандық үздік бапкерлер анықталды
Фото: rsport.ria.ru 14.12.2022 05:19 723

Теннистен Қазақстанның биылғы ең үздік бапкерлері марапатталды, деп хабарлайды El.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

10 және одан кішілер санаты бойынша үздік бапкер – Андрей Ван (Smash теннис орталығы, Өскемен).

12 және одан кішілер санаты бойынша – Амал Сұлтанбеков (Gorky Tennis Park, Алматы).

14 және одан кішілер санаты бойынша – Мұхамадамин Ерматов (Beeline Arena, Астана).

18 және одан кішілер санаты бойынша – «Қазақмыс» теннис клубы (Алматы).

Вячеслав Соколовский («Эйс» теннис орталығы, Алматы) мен Өткір Абдуллаев («Эйс», Ақтөбе) 2022 жылдың үздік аға бапкері атанды.

Сондай-ақ Team Kazakhstan академиясының бапкері Сергей Квак алғысхатпен және ескерткіш сыйлықпен марапатталды. Оның басшылығымен 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының үздік төрттігіне кірді.

Арбадағы паралимпиалық теннистен Жасұлан Алниязов жыл бапкері болса, осы спорт түрінің дамуына үлес қосқан Ержан Исақов пен Набижон Якобович ұмыт қалмады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға