Жаңалықтар

Теннистен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстанның әйелдер құрамасы анықталды

Теннистен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстанның әйелдер құрамасы анықталды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 10.10.2023 14:05 583

Теннистен Қазақстанның әйелдер құрамасының «Билли Джин Кинг кубогына» қатысатын құрамы жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ярослава Шведова бастаған жаттықтырушылар штабы мына ойыншыларға сенім артып отыр: Елена Рыбакина (WTA-ның жекелей рейтингінде бесінші орында), Юлия Путинцева (WTA-да 68-нөмір), Анна Данилина (WTA жұптық рейтингінің 32-нөмірі), Жібек Құламбаева (WTA жұптық рейтингінің 154-нөмірі) және Аружан Сағандықова (WTA жекелей рейтингінің 743-нөмірі).

Жеребе бойынша Қазақстан құрамасы «В» тобына түсіп, Словения мен Австралия командаларымен ойнайды. Австралиялықтар – былтырғы әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері, өз тарихында 7 рет әлем үздігі атанған.

Billie Jean King Cup турнирі 7-12 қараша аралығында Севильяда (Испания) өтеді. Қазақстаннан басқа әлем біріншілігіне тағы 11 команда қатысады: Швейцария (2022 жылғы Billie Jean King Cup жеңімпазы), Австралия, Франция, Канада, Чехия, Италия, АҚШ, Испания, Словения, Германия және Польша.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға