Жаңалықтар

Теннистен әлем чемпионаты: Қазақстандықтар жолдама үшін Жапониямен таласады

Теннистен әлем чемпионаты: Қазақстандықтар жолдама үшін Жапониямен таласады
Фото: ktf.kz 29.03.2023 20:39 645

Малайзияның Кучинг қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында командалық әлем чемпионаты Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің топтық бәсекелері аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қызметінен мәлім еткеніндей, қазақстандық жасөспірімдер өз тобында үш кездесу өткізді.

Сергей Квактың шәкірттері Иордания мен Сингапурды жеңгенімен, бүгін соңғы ойында Аустралияға есе жіберді – 0:3.

Осылайша, ертең Қазақстан жасөспірімдер құрамасы ширек финалда Жапониямен шеберлік байқасады.

Жапондықтарды жеңген жағдайда қазақстандықтар жартылай финалға шығып қана қоймай, жазда Чехияның Простеев қаласында өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға