Жаңалықтар

Теннистен ӘЧ: отандық жасөспірімдер іріктеуді екінші орынмен аяқтады

Теннистен ӘЧ: отандық жасөспірімдер іріктеуді екінші орынмен аяқтады
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 25.05.2024 23:39 543

Шымкенттегі ұлттық теннис орталығында 16 жасқа дейінгілер арасында Дэвис кубогінің Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Inform мәліметінше, финалда Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Жапония командасына аса тартысты матчта 1:2 есебімен жол берді.

Шымкентте бірнеше күн бойы жаңбыр жаууына байланысты алғашқы екі ойын залда хард төсенішінде өткізілді. Алдымен Дамир Жалғасбай Каваниши Хьюға есе жіберді – 6:1, 1:6, 1:6.

Бұдан кейін Заңғар Нұрланұлы Жапония командасының көшбасшысы Табато Рюдан айласын асырды – 6:4, 6:4. Заңғар іріктеу кезеңінде 6 кездесу өткізіп, бәрінде қарсыластарына бірде-бір сет бермей, жеңіске жетті.

Үшінші, шешуші бәсекеде жұптық сында ұпай жапониялықтардың қанжығасында кетті – 3:6, 7:6 (7:5), 10:6.

Жапония екінші жыл қатарынан іріктеу турнирінде бірінші орынға ие болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға