Жаңалықтар

Теннисшілердің әлемдік рейтингі жарияланды

Теннисшілердің әлемдік рейтингі жарияланды
Фото: pixabay.com 16.01.2023 13:05 553

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жеке және жұптық сындағы рейтингтің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдік рейтинг бойынша 36-орында тұр. Тимофей Скатов әзірге 144-орында. Михаил Кукушкин бір сатыға төмен түсіп, 196-болды.

Бірінші орында испандық Карлос Алькарас, үшінші орында оның отандасы Рафаэль Надаль және норвегиялық Каспер Рууд.

Жұптық сайыста Андрей Голубев позициясын (49-орын) өзгерткен жоқ. Александр Недовесов екі сатыға төмендеп, 59-орынға тұрақтады. Багель жеті позицияға төмендеп, 179-орынға түсті.

Бірінші орында америкалық Раджиев Рам, үшінші орынды британдық Джо Солсбери, үшінші орынды голландиялық Уэсли Кулхофф алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға