Жаңалықтар

Теннисші Денис Евсеев Президент кубогының иегері атанды

Теннисші Денис Евсеев Президент кубогының иегері атанды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 31.07.2023 16:28 474

Теннисші Денис Евсеев Президент кубогының иегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлемнің 412-ракеткасы, қазақстандық Денис Евсеев Астанада Президент кубогы үшін челленджер турнирінің жеңімпазы болды.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 570-орында тұрған өзбекстандық Хумаюн Сұлтановпен бас жүлдені сарапқа салды.

Бірінші сетте Денис Евсеев 0:5 есебімен ұтылып жатып, қатарынан жеті геймді алды – 7:5.

Екіншісінде өзбекстандық спортшы есе қайырды – 6:2.

Үшінші, шешуші партияда Денис 4:2 есебімен алға кеткенімен, Хумаюн таразы басын теңестірді – 4:4. Сол аяғынан алған жарақатына қарамастан, Евсеев барын салып, қайта брейк жасады – 5:4. Содан кейін матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.

Осылайша, Денис Евсеев өз спорттық жолында ең ірі табысына қол жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға