Жаңалықтар

Теннис: Юлия Путинцева АҚШ-тағы ашық чемпионатта жеңіліп қалды

Теннис: Юлия Путинцева АҚШ-тағы ашық чемпионатта жеңіліп қалды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 30.08.2023 07:14 528

Қазақстанның екінші, әлемнің 78-ракеткасы Юлия Путинцева АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 58-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизанмен шеберлік таластырды.

Осыған дейін қарсыластар 2021 жылы Әбу-Дабиде кездесіп, онда Ю.Путинцева 6:3, 6:3 есебімен жеңген еді.

Бұл жолы бірінші партияда Юлия бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.

Екінші сетте Мартина 2:0 есебімен алға шыққанымен, қазақстандық теннисші таразы басын теңестірді – 2:2. Тай-брейкте Тревизан сәтті ойнады – 7:6 (7:0).

Үшінші, шешуші сетте италиялық теннисші 2:0 есебімен алға кеткенімен, Путинцева қатарынан төрт геймді алды – 4:2. Бірақ қарсыласы да қарап қалмады. Ақыры матч тағдыры тай-брейкте шешілді, есеп 7:6 (10:8), жеңіс италиялықтың еншісінде кетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға