Жаңалықтар

Теннис: Тимофей Скатов Германиядағы жарысты жеңіспен бастады

Теннис: Тимофей Скатов Германиядағы жарысты жеңіспен бастады
Фото: Olympic.kz 06.06.2023 06:13 501

Қазақстанның екінші, әлемнің 147-ракеткасы, 22 жастағы Тимофей Скатов Германияның Хайльбронн қаласында өтіп жатқан челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 174-орында тұрған 31 жастағы босниялық Дамир Джумхурмен өткізді.

Тимофей Скатов 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 40 минутқа созылған бәсеке барысында Тимофей 18 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 3 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.

Тимофей Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 81-ракеткасы, испаниялық Хауме Муньяр немесе рейтингте 160-сатыдағы боливиялық Уго Дельеннің біреуімен таласады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға