Жаңалықтар

Теннис: Остапенко Рыбакинамен кездесу туралы айтты

Теннис: Остапенко Рыбакинамен кездесу туралы айтты
Фото: instagram.com/jelena.ostapenko 19.05.2023 17:25 545

Бүгін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 - Internazionali BNL d'Italiа турнирінің жартылай финалында «Ролан Гаррос-2017» чемпионы латвиялық Елена Остапенкомен кездеседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлемдік рейтингте 20-орында тұрған Остапенко бұл матчқа қатысты пікір білдірді. Матч 19 мамырда Астана уақыты бойынша сағат 23:00-де басталады.

Рыбакина биыл өте жақсы өнер көрсетіп жатыр, оның соққылары жойқын. Бірақ оның топырақ төсеніште қалай ойнайтынын білмеймін. Әдетте жойқын соққы жасайтын теннисшілер топырақ төсеніште сәл қиналады. Өйткені доп ауырлап, баяу ұшады. Ал маған осы төсеніш ұнайды. Қазір бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жылдаммын, - деді Остапенко.

Айта кетейік, бірінші жартылай финалда ресейлік Вероника Кудерметова (№12) мен украиналық Ангелина Калинина (№47) өзара кім мықтыын анықтайды, бұл ойын сағат басталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға