Жаңалықтар

Теннис: Денис Евсеев Испаниядағы турнирде топ жарды

Теннис: Денис Евсеев Испаниядағы турнирде топ жарды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 24.11.2023 21:57 844

Әлемнің 226-ракеткасы Денис Евсеев Валенсия (Испания) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 514-орында тұрған испаниялық Мартин Ландалусемен шеберлік байқасты.

Тартысты өткен бәсекеде Д.Евсеев 7:6 (8:6), 7:6 (7:2) есебімен жеңіске жетті. Екі сағат 13 минутқа созылған матч барысында ол 3 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 3 эйс, 4 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.

Денис Евсеев финалға шығу үшін әлемнің 62-інші, жарыстың 1-ракеткасы, испаниялық Роберто Баутиста-Агут немесе оның отандасы, рейтингте 249-сатыдағы Алехандро Моро Каниастың біреуімен таласады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға