Жаңалықтар

Теннис: Александр Бублик Вашингтонда жұптық сайыста бақ сынайды

Теннис: Александр Бублик Вашингтонда жұптық сайыста бақ сынайды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 31.07.2023 05:06 416

Қазақстандық теннисші Александр Бублик жұптық сында Вашингтон ATP 500 турниріне жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отандық спортшы нидерландылық Таллон Грикспормен бірге іріктеу сайыстарын сәтті өткізді.

Қазақстандық-нидерландылық дуэт әуелі америкалық Маркос Гирон – филиппиндік Трет Хьюиді тартысты матчта тізе бүктірді – 5:7, 7:6 (8:6), 10:8.

Іріктеу сайыстарының финалында Бублик – Грикспор үндістандықтар Анируд Чандрасекар – Виджай Сундармен шеберлік байқасты. Бірінші партияда қазақстандық-нидерландылық жұп 7:5 есебімен басым түссе, екіншісінде қарсыластары қарымта қайырды – 6:4.

Дегенмен супер тай-брейкте Бублик пен Грикспор жеңісті жұлып алды – 10:6. Осылайша, олар негізгі турнирге өтті.

Сонымен, А.Бублик Вашингтон ATP 500 жарысында жекелей және жұптық сында бақ сынайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға