Жаңалықтар

Теңізшілерге куәлік беру қызметі уақытша тоқтатылды

Теңізшілерге куәлік беру қызметі уақытша тоқтатылды
Фото: Қорғаныс министрлігі 24.10.2023 14:24 570

Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасы порттарының теңіз әкімшілігі теңізшілердің жеке куәліктерін дайындау, беру және бақылау жүйесіндегі биометриялық деректерді тіркеу кабинасындағы техникалық ақауларға байланысты теңізшінің жеке куәліктерін беруді уақытша тоқтатты, - делінген мәліметте.

Теңізшінің жеке куәлігін дайындау, беру және бақылау жүйесінің жұмысы қалпына келтірілгенге дейін теңізшілер Каспий маңы мемлекеттерімен үкіметаралық келісімдерге сәйкес теңіз кемелерінде жұмыс істеу үшін Қазақстан Республикасы азаматының паспортын пайдалана алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға