Жаңалықтар

Теміртаулықтар суды кестемен алуға мәжбүр

Теміртаулықтар суды кестемен алуға мәжбүр
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 10.07.2023 15:51 786

Мұндай шара құбырдың тозуына және суық суды тұтыну шығынының артуына байланысты қабылданған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Ертіс-Қарағанды су құбыры бойынша су көлемінің жеткіліксіз түсуіне, құбырдың тозуына, сондай-ақ суық суды тұтыну шығынының ұлғаюына байланысты (жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарына байланысты) Оқжетпес-Т ЖШС шаруашылық ауыз сумен жабдықтауды кесте бойынша беруге мәжбүр екенін хабарлайды:

2023 жылғы 11, 12, 13, 14 шілде сағат 06:00-ден 10:00-ге дейін және 18:00-ден 23:00-ге дейін", - делінген әкімдік хабарламасында.

Тұрғындарға шаруашылық ауыз суын алдын-ала жинап кеңес берілді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға