Жаңалықтар

Теміртаудағы атыс: тұрғынды жарақаттаған күдіктілер ұсталды

Теміртаудағы атыс: тұрғынды жарақаттаған күдіктілер ұсталды
Фото: polisia.kz / видеодан алынған кадр 04.04.2024 22:33 452

Теміртауда атыс ұйымдастырды деген күдікпен 27-31 жас аралығындағы үш адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін қалада белгісіз біреулер оқ атып, полиция күдіктілерді қолға түсіру бойынша кешенді шаралар қабылдап жатқанын мәлімдеген.

ІІМ дерегінше, жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Теміртау қаласының тұрғынына қатысты қару қолдану арқылы бұзақылық әрекет жасаған 27-31 жас аралығындағы үш адам ұсталды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еске сала кетейік, 4 сәуірге қараған түні Теміртау қаласының ауруханасына оқ жарақатымен 27 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген болатын.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға