Жаңалықтар

Теміртауда зейнеткердің әмиянын тартып алған күдікті ұсталды

Теміртауда зейнеткердің  әмиянын тартып алған күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz 28.03.2023 12:23 547

Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты шығыс полиция бөліміне Горки Дружбы көшесінің бойындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында тонау қылмысы болғаны туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобымен сол маңға жақын патрульдік полиция наряды жіберілді. 63 жастағы жәбірленуші полиция қызметкерлеріне үйіне кіре берістегі дәлізде белгісіз біреу шабуыл жасағанын айтты.

Күдікті зейнеткерге бірнеше соққы жасап, ішінде 123 мың теңге ақшасы және банк картасы бар әмиянын тартып алып, оқиға орнынан ізін жасырған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 196 мың теңгені құрады.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында “ізін суытпай” осы іске қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабына (Тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға