Жаңалықтар

Теміртауда пәтер өртеніп, екі адам көз жұмды

Теміртауда пәтер өртеніп, екі адам көз жұмды
Фото: ©El.kz/Нүркен Алишев 11.07.2023 23:45 873

Теміртау қаласында пәтер өртеніп, екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратына сәйкес, 9 қабатты үйдің 2-ші қабатындағы пәтерде үй заттары, жиһаздың 5 шаршы метр аумақта жанған.

Өрт сөндірушілердің күшімен 1991 жылғы пәтер иесі және оның 2015 жылғы жиені жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Өкініштісі, реанимациялық шаралар зардап шеккендерге көмектеспеді. Ер адам мен қыз бала қайтыс болды. Өрт сөндірушілердің күшімен баспалдақпен 8 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды, - делінген ведомство хабарламасында.

Қабылданған шаралармен өрт 20:33-те жойылды.

Өрттің алдын ала себебі ашық от көзі болды, балалардың отпен ойнауынан да болуы мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға