Жаңалықтар

Теміртауда Ұлттар мәдениетінің фестивалі өтті

Теміртауда дәстүрлі оныншы Ұлттар мәдениетінің фестивалі өтті.
Теміртауда Ұлттар мәдениетінің фестивалі өтті
21.12.2018 10:49 1588

Теміртауда дәстүрлі оныншы Ұлттар мәдениетінің фестивалі өтті.

Теміртау қаласы ақсақалдар кеңесінің төрағасы – Қарағанды металлургия комбинатының ардагері Әлішер Мұхамеджановтың бұл бастамасына «АрселорМиттал Теміртау» және «Нұр Отан» партиясының филиалы қолдау білдірді. 

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің сахнасында өткен фестивальде қатысушылар ұлттық аспаптарда өнер көрсетті және қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында «АрселорМиттал Теміртау» басқармасының өкілдері ықылас тілектерін жеткізіп, Тәуелсіздік күніне орай қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан азаматтарға алғыс хаттар табыстады.

Мерекелік шараға он екіден аса этномәдени орталықтың мүшелері қатысты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға