Жаңалықтар

Теміртауда көпқабатты үйде жарылыс болды

үйдің 3-ші қабатындағы пәтерде газ жарылды.
Теміртауда көпқабатты үйде жарылыс болды
Фото: Қарағанды ​​облысы ТЖД баспасөз қызметі 17.08.2022 03:35 800
Теміртау қаласында бес қабатты үйде газ жарылып, үйдің біраз бөлігі қопарылып түсті, деп хабарлайды El.kz.

16 тамыз күні болған төтенше оқиғадан 33 жастағы адам зардап шегіп, бірден ауруханаға жеткізілген. Оқыс оқиға үйдің үшінші қабатында болды.

– Теміртау қаласындағы металургтер даңғылындағы үйдің 3-ші қабатындағы пәтерде газ жарылды. Апат салдарынан үйдің 3-ші және 2-ші қабаттарының қабырғалары құлады. Соның салдарынан үш пәтер бүлінген. Жарылыс болған үйдің 53 тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың жетеуі бала екені анықталды. Сонымен қоса 1989 жылы туған пәтер иесі зардап шекті, — дейді Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Апат кезінде ТЖ департаментінің 22 қызметкері оқиға орнына барып, 7 техника жұмылдырылған.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға