Теміртауда екі жастағы баланы өлтірген күдікті ұсталды

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
24.03.2023 17:22
241
Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Теміртау қаласында баланы өлтірді деген күдікпен 24 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Баланың мәйіті 23 наурызда қаладағы пәтерлердің бірінен табылған болатын. Күдіктінің жеке басы анықталды. Ол 24 жастағы баланың анасымен бірге тұратын ер адам екені белгілі болды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы елорда тұрғынына тонометр сыйлады
Келесі жаңалық
Тоқсанға жуық айыппұлды төлемеген көлік жүргізушісі ұсталды