Жаңалықтар

Теміртау жылы беру маусымына дайын ба?

Теміртау жылы беру маусымына дайын ба?
Фото: t.me/KZgovernment 07.08.2023 09:05 792

Теміртауда жылу көздері мен жылу желілерін ауқымды реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысын тексерді.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2-ЖЭО-сында жылу беру маусымына дайындық және жетінші қазандықтың құрылысы туралы кәсіпорынның бас директоры Владимир Яблонский баяндады.

Үш қазандық пен үш турбиналы генераторды жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Жетінші қазандықты салу бойынша жобаны іске асыру кешіктірілуде: нысанда жұмысшылар жетпей жатыр, негізгі жабдықтар кешігіп орнатылуда.

Мердігер ұйым басшылығының («AB Construction» ЖШС) есебін тыңдаған Роман Скляр құрылыс-монтаждау жұмыстарын уақытылы аяқтау қажеттігін белгілеп, ескерту жасады.

Теміртауда Роман Склярға жылу желілерін жөндеу бағдарламасы ұсынылды.

Қалада жылу желілерінің барлық тозған учаскесі бойынша реконструкциялау жүріп жатыр.

Жұмыстар жылу беру маусымына дейін аяқталуға тиіс.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары облыстың басқа да бірқатар энергия көзін аралады. Ол Топар, Шахтинск және Қарағандыға барды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға