Жаңалықтар

Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Ол азаматтық қорғау полковнигі Нұрмұхамед Интуев
Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Фото: inform.kz 04.08.2022 17:23 2287

Теміртау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының жаңа бастығы болып азаматтық қорғау полковнигі Нұрмұхамед Интуев тағайындалды. Бұл туралы Теміртау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды El.kz.

Бүгін басқарманың жаңа басшысы Интуев Нұрмұхамед Серікұлын Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов қала әкімі мен жеке құрам қызметкерлеріне таныстырды.

Нұрмұхамед Интуев 1979 жылы Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында дүниеге келген.

ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін, ҚР ТЖА Көкшетау техникалық институтын және Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1999 жылы Қарағанды облысының Абай қаласындағы №30 өрт сөндіру бекетінің мемлекеттік өрт қадағалау тобының инспекторы болып бастады.

Сондай-ақ, әр жылдары Қарағанды және Ақмола облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттерінің бөлімшелеріне басшылық еткен.

2019 жылдың желтоқсан айынан бастап Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс жағдайлары басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға