Жаңалықтар

Темірбек Жүргеновке арналған коллекциялық монеталар шығарылады

Темірбек Жүргеновке арналған коллекциялық монеталар шығарылады
Фото: nationalbank.kz 25.07.2023 08:30 1066

24 шілдеде «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан TEMIRBEK JÚRGENOV.125 JYL коллекциялық монеталары айналымға шығады, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық Банк таратқан ақпаратқа сәйкес, монета Қазақстанның мәдениет және өнер қайраткері Темірбек Жүргеновтің 100 жылдығына орай шығарылады. Т. Жүргенов – Қазақстанның тұңғыш ағарту министрі. Оның атсалысуымен 1934 жылы Қазақстанда бүкіл Орталық Азия мен Қазақстанның алты ірі жоғары оқу орнының құрылысы бір мезетте бастау алды.

Темірбек Жүргеновке арналған коллекциялық монеталар шығарылады

TEMIRBEK JÚRGENOV.125 JYL монетасы МН 25 мельхиор қоспасынан дайындалған. Массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 100 теңге, таралымы – 10 мың дана.

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға және аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жатады.

Темірбек Жүргеновке арналған коллекциялық монеталар шығарылады

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды. Олар 26 шілдеден бастап ҚҰБ-тың интернет-дүкені арқылы сатылады.

Биыл түркі әлемінде Темірбек Жүргенов жылы болып жарияланған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға