Жаңалықтар

Темекі шегудің зияны: Өкпе обырынан бөлек тағы 25 аурудың есігі ашылады

Темекі шегудің зияны: Өкпе обырынан бөлек тағы 25 аурудың есігі ашылады
Фото: © Pixabay.com 12.02.2024 17:17 1060

Әлемдегі адами капиталдың азаюына тікелей әсер ететін фактор – соғыс. Ресейлік ғалым Вадим Эрлихманның «Потери народонаселения в ХХ веке» атты зерттеуі нәтижесінде XX ғасырдағы соғыстардың салдарынан 130 миллионға жуық адам қаза тапқаны анықталды. Қорқынышты статистика. Бірақ, біз күнделікті өмірде байқай бермейтін табак өнімдерінен қанша адам зардап шекті? ДДСҰ ұсынған сандарға сүйенсек, XX ғасырда темекі 100 млннан астам адамның өліміне себеп болған.

Қазір әлемде әр минут сайын 11 млн қорап темекі сатылады. Жер шарында табак өнімін 1 300 000 000 ал, Қазақстанда әрбір төртінші адам тұрақты түрде тұтынады.

Қалай темекі өндіретін компаниялар адамзатты ең жаман әдетке үйретті? Не үшін адам өміріне зиянын тигізетін өнімнің сатылымына тыйым салынбайды?

 

Адамдардың жаппай темекі шегуіне не әсер етті?

 

Төменде суреттегі ер адам атақты ковбой «Мarlboro». Оның есімі – Уэйн Макларен. 1976 жылы актер аталған компанияның жарнамасына темекі шегетін адам рөлінде түседі. Бірақ, Уэйн экраннан бөлек, күнделікті никотин тұтынады. Темекі шегуді жарнамалаған Макларен арада 15 жыл өткеннен кейін, 1992 жылы өкпе обырынан (рак) дүниеден өтті.

Темекі шегудің зияны: Өкпе обырынан бөлек тағы 25 аурудың есігі ашылады

Фото: әлеуметтік желіден

 

Табак өнімдерін өндіретін басқа компанияларға өтпей-ақ, «Marlboro» тақырыбын жалғастыратын болсақ, қазіргі таңда олар сатылымы ең көп фирма. АҚШ-тағы темекі шегетіндердің 42,3 %-ы «Marlboro-ны» таңдайды. 

«Marlboro» компаниясы жарнама арқылы сатылымды арттырды. Жарнама арқылы тұтынушыларын көбейтті. Олар қолданған маркетингтің ерекшелігі – нағыз еркек «темекі шегеді» деген түсінік пен образды қолданды. Соның арқасында күні бүгінге дейін табак өнімдерін тұтынатын адамдардың саны  күрт өсті. Оған мысал, темекі өндіретін компаниялар жыл сайын орта есеппен 912 миллиард доллар таза пайда табады.

Бірақ, аталған өнімнің адам денсаулығына тигізетін зиянының зор екенін ұмытпаған жөн. Бұған дәлел, «Marlboro» компаниясының жарнамасына түскен төрт адам - Уэйн Макларен , Дэвид Маклин, Дик Молот және Эрик Лоусон темекі шегудің салдарынан өкпенің қатерлі ісігіне шалдығып, қайтыс болды.

Темекі шегудің зияны: Өкпе обырынан бөлек тағы 25 аурудың есігі ашылады

Фотоколлаж: el.kz

Соғыс пен темекіні не байланыстырады?

Америка Құрама Штаттары бірінші дүниежүзілік соғысқа 1917 жылы 6 сәуірден бастап қатысты. Соның арқасында темекі тұтынатындардың саны көбейді. «Соғыс пен темекіні не байланыстырады?» десеңіз, АҚШ соғысқа аттанған сарбаздарын консервіленген тағаммен, нанмен қоса темекімен қамтамасыз етті.

Эрих Мария Ремарктың соғыс жылдарында жазылған «На западном фронте без перемен» атты романында:

Әр бір сарбазға 10 сигара, 20 дана темекі және 2 қорап шайнауға арналған табак өнімін тегін таратып беретін - деп жазған болатын жазушы.

Соғыс бүгін болмасын, ертең аяқталады. Аман қалған сарбаздар отанына қайта оралады. Ең қызығы, майдан уақытында темекіге тәуелді болып қалған солдаттар, еліне келгеннен кейін табакты тартуды жақындары мен достарына үйретеді. Сүйтіп, тұтынушы көбейеді. Міне, бастапқыда никотин сатумен айналысатын компаниялардың көздегіні осы болды. Оған, темекі ұстаған сарбаздың суреттері бар жарнама қағаздары мен постерлері дәлел.

Ал, бұл туралы статистика не дейді? 1900 жылдардың басында Америка Құрама Штаттарында халықтың тек 6 %-ы ғана темекі тартады. Ал, 1960 жылы бұл бұл көрсеткіш жалпы халықтың 42 %-ына жетті. Кейін, ғалымдапр бұл кезеңді «темекі эпидемиясы» деп атады.

Темекі шегудің зияны: Өкпе обырынан бөлек тағы 25 аурудың есігі ашылады

Фотоколлаж: el.kz

 

Ғалымдар қаққан дабылды айналып өтті

1952 жылы Ричард Долл мен Бредфорд Хилл атты ғалым британдық медициналық журналда (British Medical Journal) темекі шегудің зияны туралы алғашқы зерттеу мақалаларды жариялайды. Аталған, материалда олар темекінің медицина тұрғысынан алып қарағанда тигізетін зияны мен өкпенің қатерлі ісігін тудыру мүмкіндігі жоғары екенін анық дәлелдеп шығады.

Содан бастап, әлемнің әр түкпірінен ғалымдар жеке зерттеулер жасап, темекінің зиян екенін айқындайтын еңбектер жазады. Дәрігер зерттеуші топтар табак өнімдерінің сатылымына тыйым салуды талап етіп, оған жасалатын жарнамалардың тоқтатылуын сұрайды. Бірақ, темекі өімдері күні бүгінге дейін сатылымнан алынып тасталған жоқ. Алайда, қазір оларды телеарналардан, газет-журналдардан ашық жарнамалауға толықтай тиым салынды.

Бұдан тұтынушылардың саны азайды ма? Әрине, жоқ. Табак өндіретін компаниялар ғалымдар мен дәрігерлер қаққан дабылды айналып өтетін жақсы жол іздеп тапты. «Ол қандай жол десеңіз?» ол – спорт.

Ең айқын дәлел - Михаэль Шумахер. Мұны темекі маркетингінің шыңы десек те болады. Табак бренді көлік спорты командасына 14 жыл (1997-2011 жылдары аралығында) бойы демеушілік етеді. Келісім шарт бойынша, табак бренді жыл сайын спорт командасына 80 млн, ал Шумахердің өзіне 20 млн доллар жалақы төлеген. Соның арқасында Михаэльдің әр жеңісінде, әр суретінде «Marlboro» компаниясының жасырын жарнамасы болды. Оны төмендегі суреттен байқасаңыздар болады.

«Marlboro» демеушілік еткен жылдары Шумахер 7 дүркін (1994, 1995, 2000, 2001, 2002, 2003, 2004 жылдары) Formula 1 сайысының чемпионы атанып, өз атын тарих бетіне жазды. Өз кезегінде, осы аралықта темекі саудасымен айналысатын фирманың сатылымы екі есеге (жылына 163 млрд дана темекіден, 301 млрд данаға дейін) өседі.

Темекі шегудің зияны: Өкпе обырынан бөлек тағы 25 аурудың есігі ашылады

Фотоколлаж: el.kz

 

Статистика не дейді?

Жоғарыда айтып өткендей, әлемде 1 300 000 000 ал, Қазақстанда әрбір төртінші адам темекі өнімін тұрақты түрде тұтынады. Салдарынан, жер шарында жыл сайын 8 млн адам өмірден өтеді. Дүние жүзінде табак өнімінің кесірінен жыл сайын үш миллионға жуық адам өкпе обырына шалдығады. Оған қоса, Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметтері бойынша, темекіні тұтыну кем дегенде 25 аурудың қозуына әкеліп соқтырады.

Темекі шегудің зияны: Өкпе обырынан бөлек тағы 25 аурудың есігі ашылады

Фото: №2 Ақтау қалалық емханасы мұрағатынан

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға