Жаңалықтар

Темекі мен вейпке құмар жасөспірімдер көбейген

Темекі мен вейпке құмар жасөспірімдер көбейген
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ 01.06.2023 13:53 682

Елімізде 13-15 жастағы жасөспірімдер темекі мен вейпке құмар. Оқушылардың 10%-ы түрлі темекі өнімдеріне құмарлық танытады. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік ерекше мән беретін маңызды блоктың бірі балалар мен жасөспірімдер арасындағы семіздік пен темекі тарту мәселесі. «Салауатты ұлт» ұлттық жобасы аясында оқушылар арасында денсаулық сақтау бойынша зерттеу жүргізілді», - деді Вячеслав Дудник.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, 13-15 жастағы жасөспірімдер арасында темекі, вейпке құмарлық екі есе артады.

Біздің министрлік заңнаманы жетілдіру бойынша ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Өздеріңіз білетіндей, Үкімет темекі өнімдеріне қатысты акциздер мәселесін қарастырып жатыр. Сондай-ақ, елімізде вейпке тыйым салу мәселесі де талқылануда, - дейді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға