Жаңалықтар

Тележүргізуші Дина Төлепберген тұрмысқа шыға алмай жүрген қыздарға кеңес берді

Тележүргізуші Дина Төлепберген тұрмысқа шыға алмай жүрген қыздарға кеңес берді
Фото: Әлеуметтік желі 29.09.2023 14:51 2386

Белгілі тележүргізуші Дина Төлепберген әлеуметтік желідегі парақшасында “Сіңіліме сыр” айдарының екінші шығарылымын жүктеп, тұрмысқа шықпас бұрын көп сөйлесу керегін айтып берді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Журналист қыз бен жігіт шаңырақ көтерердің алдында түрлі тақырыпта әңгіме қозғап, бір-бірімен сөйлесуге уақыт бөлген жөн деп санайды.

Аз сүйіс, көп сөйлес. Тұрмысқа шықпас бұрын тергеу жүргізу – ұят емес. Мен өзімнің махаббатым – күйеуіммен үш жыл кездестім. Біреулерге ұзақ уақыт болып көрінуі мүмкін. Бірақ мәселе қанша уақыт бірге өткергеніңде емес, бір-біріңді қаншалықты танып-білгеніңде. Кездесуге шақырғанда, менің күйеуімнің даналығы сол, ол маған болашақ кездесуіміздің тақырыбын алдын ала ұсынатын. Мысалы, ақша, бала, ата-ене, үй, дүние-мүлік, мінез-құлық, ұрыс-керіс, тіпті шұлыққа дейін. Өйткені мен шұлығын шешіп тастап кететін жігіттерді жек көремін. Басында маған бұл біртүрлі көрінетін. Бірақ қазір соның рахатын көріп жүрмін. Сондықтан, қымбатты сіңілілерім, бос аймаласып жүрмей, санаға сәуле қондырыңыз. Сұрау – ұят емес. Басында “жаным” деп, кейін жаныңды жейтін жігітпен күрсініп өмір сүру – ұят, – дейді Дина Төлепберген.

Желі қолданушылары қыздарға осындай кеңестерді көп айту керегін жарыса жазып жатыр.

“Өте жақсы тақырып”, “Ащы болса да шындық”, “Қыздар, ашық тақырыптады жасырмай айтып, сұрау керек”, “Тұрмыс құрмай тұрғанда осылай айтатын әпкем болмады”, “Осындай ақыл-кеңестеріңізді жиі айтып тұрыңызшы. Жас қыздар болашақта жыламасыншы”, – деп жарыса жазды желідегілер.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от DINA TOLEPBERGEN (@dina_tolepbergen)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға