Теледебат барысында өткен көрермендер дауыс беруінің аралық нәтижелері жарияланды.
Сауалнама қорытындысы бойынша бірінші орында «Әділет» партиясы тұр. Оның өкілдерінің сөз сөйлеуін қатысушылардың 59,5 пайызы қолдаған.
Екінші орынға 14,4 пайыз дауыс жинаған «Ауыл» партиясы жайғасты. Үшінші орында — 12,1 пайыз көрсеткішпен Respublica партиясы.
Қалған партиялардың нәтижесі мынадай:
- Қазақстан Халық партиясы — 4,2%;
- ОСДП — 3,7%;
- «Ақ жол» — 3,4%;
- «Байтақ» — 2,1%.
Сауалнамаға қатысқандардың тағы 0,6 пайызы «Ешқайсысы ұнамады» деген нұсқаны таңдаған.
Дауыс беру нәтижелері әзірге аралық көрсеткіш болып саналады.