Жаңалықтар

Текеліде есірткі сатушылар тобы ұсталды

Текеліде есірткі сатушылар тобы ұсталды
Фото: © Polisia.kz 05.05.2023 21:54 714

Полицейлер Жетісу облысы Текелі қаласында арнайы операция жүргізіп, өңірдегі есірткі тарату арнасың жойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

4 есірткі сатушы анықталып, марихуананың әр түрлі дозасын сату кезінде ұсталды. Ұсталған адамдар есірткі заттарын тарату және сату қылмыстары бойынша айыпталады. Күдіктілердің әрқайсысы қаланың әр жерінде жеке-жеке ұсталды. Қазір барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Тіркелген фактілер бойынша тергеу амалдары есірткі заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізуді көздейтін ҚР ҚК-нің 297-бабына (1,3-б.) сәйкес жүргізілуде, - деді Жетісу облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Жыл басынан бері өңірде заңсыз айналымнан 30 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді. Олардың ішінде марихуана, гашиш және «синтетика» деп аталатын есірткі заттары бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға