Бүгін режиссер, драматург, театр және кино актері Қанабек Байсейітовтың туғанына 119 жыл толды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Актер Ж. Шаниннің «Арқалық батыр» қойылымында өзінің алғашқы басты рөлін сомдады. Кейін 1927 жылы ол жұмысшы жастар театрын ұйымдастырып, сол жерде бас режиссер болды.
Қанабек Байсейітов - Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының негізін қалаушыларының бірі. 1934 жылы театр М.Әуезов пен И. Коцыктың «Айман - Шолпан»қойылымымен есігін айқара ашты. Ол жерде Қанабек Байсейітов Арыстанның рөлін сомдады. Сондай-ақ, осы сахнада ол Тарғынның, батыл жауынгер Төлегеннің және басқа кейіпкерлердің қайталанбас бейнесін қалыптастырды.
Кейінгі жылдары әртіс Евгений Брусиловскийдің «Қыз-Жібек», «Жалбыр» және «Ер Тарғын» операларында басты рөлдерді сомдады. Оның шығармашылығының шыңы Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абай» операсында Абайды сомдау болды. Басты рөлді тамаша орындағаны үшін Байсейітов Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды.
Актерлік қызметінен бөлек, Қазақ КСР Халық әртісі пьесалар жазып, орыс драматургтерінің шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Театр және кино актері Қанабек Байсейітовтың туғанына 119 жыл толды
Оқи отырыңыз
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды