Жаңалықтар

Тбилиси турнирінде топ жарған Нұрқанат Серікбаев жанкүйерлерге алғыс айтты

Тбилиси турнирінде топ жарған Нұрқанат Серікбаев жанкүйерлерге алғыс айтты
Фото: ҚР дзюдо федерациясы 23.03.2024 04:41 456

Тбилисидегі Гранд Слэм турнирінде 60 келіде чемпион атанған дзюдошы Нұрқанат Серікбаев жанкүйерлерге қолдау білдіргені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

22 наурызда Грузия астанасында басталған әлемдік турнирге Қазақстан дзюдошылары қатысып жатыр. Олардың ішінде 60 келіде белдескен отандасымыз 5 белдесу өткізіп, барлығында басым түсті.

Бүгінгі ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі құтты болсын! Және бүгінгі мерекеде Тбилиси Гранд Слэм турнирінде жеңіске жеттім. Осы сәт үшін өте қуаныштымын. Бұл жеңісімді қазақ еліне арнаймын. Маған қолдау білдірген қалың елге, жақындарыма, ата-анама ерекше алғыс айтамын. алдағы жарыстарда биіктен көрініп, мақсатыма жетемін деген ойдамын. Бар мүмкіндігімді саламын деген ниеттемін.

Сондай-ақ, әйелдер арасында 48 келіде Ғалия Тынбаева да күресіп, қола медальға қол жеткізді. Ерлер санатында 60, әйелдер бойынша 52, 57 келіде күрескен өзге дзюдошыларымыз іріктеу кезеңдерінде сүрінді. Аталған турнир 24 наурыз аяқталады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға