Жаңалықтар

Тәжікстандық қақпашы Роналдумен орысша ұрысқанын айтты

Тәжікстандық қақпашы Роналдумен орысша ұрысқанын айтты
Фото: © Reuters 17.10.2023 18:18 665

«Истиклол» қақпашысы тәжікстандық Рустам Ятимов Азия чемпиондар лигасында «Әл-Насрмен» өткен ойында Криштиану Роналдумен қалай сөзге келіп қалғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2 қазанда Сауд Арабиясында өткен матч 3:1 есебімен «Әл-Насрдың» пайдасына шешілді. Матчта португалиялық Тәжікстан құрамасының қақпашысымен сөзге келіп қалды.

– Криштианумен неге келісе алмай қалдыңыз?

– Ол ойынды созғанымыз үшін ашуланды. «Әл-Насрдың» қарқыны жоғары екенін, тиісінше оны басу үшін түрлі тәсілдер қолдану керектігі анық. Бұл қалыпты жағдай, оны барлық команда жасайды.

– Сонда не айттыңыздар?

– Ашығын айтатын болсақ, екеуміз ұрысып қалдық. Роналду қимыл-қозғалысымен бірдеңелерді жеткізгісі келді, мен де оған жауап қаттым. Орысша бастағанмын, сосын оның орысша білмейтіні есіме түсті. Сосын серб және ағылшын тілдерінде ұрыстық. Кейін өзара сөйлесіп, әрі қарай матчты жалғастырдық, – деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға