Жаңалықтар

Тәжікстанда үйлерге қар көшкіні түсіп, 15 адам қаза тапты

Тәжікстанда үйлерге қар көшкіні түсіп, 15 адам қаза тапты
Фото: kchs.tj 16.02.2023 14:11 1392

15 ақпанда жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 09:50-де қалың қардың салдарынан Хорог қаласындағы Носир Хисрав атындағы махалланың тұрғын үйлеріне үлкен қар көшкіні түсті. Бұл туралы Тәжікстан Үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитеті хабар таратты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Қар көшкіні салдарынан 4 тұрғын үй тұтастай, 35 үй жартылай, 5 шаруашылық нысаны қирады. ГБАО аумағында 14 адам, Варзоб ауданы аумағында 1 адам қаза тапты, 12 адам түрлі дене жарақаттарын алды», - делінген хабарламада.

Синоптиктердің болжауынша, қар көшкіні қаупі 19 ақпанға дейін сақталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға