Жаңалықтар

Тәжікстан аумағында жер сілкінді

Тәжікстан аумағында жер сілкінді
Фото: © iStock 01.01.2024 22:37 793

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі сағат 16:12-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 631 шақырым жерде, Тәжікстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.1. MPV магнитудасы - 4.4. Жер сілкінісінің координаттары – 37,96° с.е., 74,02° ш.б. Тереңдігі – 10 км.

Кезекші оператор хабарламасында Қазақстан аумағында сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ екені айтылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға