Жаңалықтар

«Тазару» эко-акциясына 1500-ден астам адам қатысты

«Тазару» эко-акциясына 1500-ден астам адам қатысты
Фото: Алматы қаласының әкімдігі 23.03.2024 21:12 365

«Тазару» жалпыұлттық экологиялық акциясына қатысушылар 427 текше метрден астам қоқыс жинады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Науқан қаланың барлық ауданын қамтыды. Кіші Алматы, Есентай, Үлкен Алматы, Қарғалы және Тастыбұлақ өзендерінің жағалауы мен су айдындарын тазарту және іргелес жерлерді қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді.

Алматының Экология және қоршаған орта басқармасы Түрксіб ауданының әкімдігімен бірлесіп, Әуежай көлінің жағасында қаланың жасыл қорын сақтау және көгалдандыру мақсатында 100-ден астам ағаш отырғызды.

Аудан әкімдіктері эко-акция қатысушыларына қаптар, қолғаптар, тырмалар, күректер, бояулар, валиктер ұсынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға