Жаңалықтар

«Таза Қазақстан – таза аймақ». Қызылорда облысының әкімі үндеу жасады

«Таза Қазақстан – таза аймақ». Қызылорда облысының әкімі үндеу жасады
Фото: gov.kz 09.04.2024 13:15 526

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың «Таза Қазақстан – таза аймақ» республикалық акциясына байланысты тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қадірлі жерлестер! Ардақты ағайын! Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған, тату тірлік пен береке-бірліктің бесігі – Сыр өңірінде бүгіннен республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Таза Қазақстан – таза аймақ» экологиялық науқаны бастау алды. Тазалық пен тәртіп – кез-келген аймақтың табысты дамуының кепілі ғана емес, тұрғындардың мәдениеттілігінің өлшемі, - дейді әкім.

Аймақ басшысы әр көше мен ауланы таза ұстау туралы айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқа біреуге емес, өзімізге керек. Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға жанашыр көзбен қарауға тиіс» - деген болатын. Біздің айналамыздағы игіліктер адамдар үшін жасалған. Тазалық – біз үшін басты құндылық. «Ауылына қарап, азаматын таны» дегендей, әр елді мекеннің тазалығы, сәулетті көркі тұрғындардың жанашырлығына байланысты. Себебі әр көшенің, әр үйдің, әр ауланың тазалығы – тұтас қала мен ауылдың айнасы, - дейді Нұрлыбек Нәлібаев.

Еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлерді игі бастаманы қолдауға шақырды.

Ұлы жол – алғашқы қадамнан басталады. Осы ретте, тазалық айлығы аясында облыс халқы туған жерді түлетуге атсалысады деп сенеміз. Сыр – Алаштың анасы! Барша жерлестерімді, еңбек ұжымдары мен кәсіпкерлерді игі бастаманы өз үйінен бастап, аулалар мен көшелерде, мөлтек аудандарда жүзеге асыруға, қала мен ауылдарда тазалық жұмыстарына ұйытқы, жақсы істерге дәнекер болуға шақырамыз. Тазалық – біз бен Сізден басталады Туған жерімізді бірге көркейтейік!, - дейді облыс әкімі.

Айта кету керек, өткен жылдан бастап ауылдық елді-мекендерді дамыту аясында Қызылорда облысында «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізіліп келеді. 2023 жылдың қорытындысымен жеңімпаз болып табылған 12 елді мекенге күнделікті тұрмысқа ең қажетті деген заманауи үлгідегі 29 арнайы техникалар табысталды.

Көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық сенбіліктері Қызылорда облысының барлық елді мекендерінде көктемнің алғашқы күні 1 наурыздан бастау алып, тұрақты түрде жүруде.

«Таза Қазақстан – таза аймақ». Қызылорда облысының әкімі үндеу жасады

Фото: gov.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға