Жаңалықтар

«Тауық қорада есірткі сақтаған»: Шымкентте ер адам қолға түсті

«Тауық қорада есірткі сақтаған»: Шымкентте ер адам қолға түсті
Фото: Видеодан кадр 17.01.2024 16:39 466

Шымкент тұрғыны тауық қорасында аса ірі көлемде есірткі сақтаған, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, 46 жастағы ер адам бұдан бұрын да есірткі қылмысы үшін жазасын өтеген. Алайда, ол бұрынғы әдетіне қайта басып, істеген қылмысы үшін қолға түсті. 

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері жергілікті тұрғынның үйінің ауласындағы тауық қорадан есірткі затын тапты. Онда ер адам арнайы шұңқыр қазып, сол жерге 4 банка марихуана жасырған. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 1,6 келі болды.

Қылмыскер қазір уақытша ұстау изоляторында қамауда. Қаратау аудандық полиция басқармасы аса ірі көлемдегі есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға