Жаңалықтар

«Тәуелсіз Қазақстан»: Астанада суреттер байқауының жеңімпаздары анықталды

«Тәуелсіз Қазақстан»: Астанада суреттер байқауының жеңімпаздары анықталды
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты 20.11.2023 19:50 719

Елордада интернаттан кейінгі сүйемелдеу орталығында жастар арасында «Тәуелсіз Қазақстан» атты сурет байқауы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған шығармашылық байқауға еліміздің барлық қаласынан 350 бала қатысты.

Жастар саясаты мәселелері басқармасының және «Құқық» қоғамдық қорының қолдауымен біз Тәуелсіздік күніне орай сурет байқауын ұйымдастырдық. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар өздерінің таланттарын көрсетті. Байқау жеңімпаздары авторлық, суреттердің тақырыпқа сәйкестігі, көркемдік деңгейін, уақытша ережелерді сақтау және импровизация сияқты бағалау критерийлері бойынша таңдалды. Сонымен қатар, конкурс аясында барлық қатысушылар үшін қыш шеберлік сыныбы ұйымдастырылды, - деп атап өтті «Құқық» қоғамдық қоры директорының орынбасары Гүлмаржан Есенғалиқызы.

Жеңімпаздарға сыйлық ретінде бағалы сыйлықтар мен сертификаттар табыс етілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға