Жаңалықтар

“Таудың басында жылап жазған өлеңім”. Серікзат Дүйсенғазы ұлы Әлиханның соңғы видеосын жариялады

“Таудың басында жылап жазған өлеңім”. Серікзат Дүйсенғазы ұлы Әлиханның соңғы видеосын жариялады
Фото: instagram.com/serikzat_duisengazy 03.01.2024 15:37 3935

Ақын Серікзат Дүйсенғазы ұлына арнаған өлеңін жариялап, соңғы сәтте түсірілген видеоны бөлісті 

Алла жазса, Әлиханымның жылдық асын береміз. Соңғы ресми жиыны ғой. Бүгін дүниеден өткен күні еді. Бір жыл қазақтың дәстүрімен құлынымды жоқтадым. Сол күні Елікті таудың басында жылап тұрып жазған өлеңімді сіздермен бөлісіп отырмын. Бұдан кейін жоқтау өлең салмаймын. Өйткені енді оның екінші рухани өмірі басталды, - деп жазды ақын.

Кеудемде жаным барда балапанымның атын өшірмеймін.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Серікзат Дүйсенғазы (@serikzat_duisengazy)

Тек балам туралы жақсы жаңалықтар жазамын деп шештім. Мына видеода Әлихан марқұмның таудан соңғы сырғанап түскенде түсірілген бейнесі еді. Жаның жәннатта болсын, жарығым!

Құлағам жоқ, қайғыдан теңселгенмен,
Жылағам жоқ, егілдім кемсеңдеумен.
Аспанымда бір жұлдыз шырақ жақты,
Көтерілмей жүргенде еңсем жерден.
Құдай өзі көгертіп сепкен дәнді,
Тамырымда қозғады кепкен қанды.
Қақ айрылған жүректі қайта жамап,
Тағдыр шығар тұрғызған шөккен нарды.
Өтті осылай болған жыл күнім түнек,
Бүкіл қазақ мен үшін бір ұл тілеп.
Енді отырмын ұлт болып сұрап алған,
Ұлу жылы ұлыма ғұмыр тілеп!, - деп жазды Серікзат Дүйсенғазы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға