Жаңалықтар

Тау-тау болып үйіліп жатқан қоқыс мәселесі қалай реттелмек? Нысанбаев жауап берді

Тау-тау болып үйіліп жатқан қоқыс мәселесі қалай реттелмек? Нысанбаев жауап берді
Фото: ©El.kz/Амангүл ТІЛЕЙҚЫЗЫ 12.03.2024 12:05 390

Үкімет отырысынан кейін баспасөз брифингінде экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев бұл мәселеде контейнер мен техникада жетіспеушілік барын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Журналист: «Қарапайым пластикті салатын контейнер, тамақ қалдықтарын салатын контейнерді сұрыптап салу да мүмкін болмай отыр. Тұрғындар тау-тау болып үйлеп жатқан қоқысқа шағымдануда. Бұл мәселе жалпы қалай реттеледі? Қандай жоспарларыңыз бар?» деп министрге тікелей сұрақ қойды.

Үкімет отырысында бұл мәселені көтердік. Шын мәнінде бүгінгі күнге дейін жасалып жатқан шаруаны қарасақ, тек ірі қалалар қамтылып отыр. Соның өзінде де контейнер мен техникада жетіспеушілік бар. Бүгінгі күнде осыны толығымен талдап, нақты әр облыс бойынша іс-шаралар жасалады. Осының аясында біз алдағы үш жылда бұл мәселені шешуді жоспарлап отырмыз, - деді министр.

Сонымен қатар министр қоқыс өңдеу зауыттарының құрылысына инвесторларды тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

Біз бұл мәселе бойынша жүз елуден астам жобаны қарастырдық. Соның ішінде әр өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, әкімдіктермен бірлесіп тоқсан төрт жоба таңдалды. Бұл жобаларға тек жергілікті инвесторлар тартылады, - деді Нысанбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға