Жаңалықтар

Тасқыннан зардап шеккен өңірлер оқуға қажетті құралдармен қамтылды

Тасқыннан зардап шеккен өңірлер оқуға қажетті құралдармен қамтылды
Фото: ОКҚ 20.04.2024 18:16 329

Зардап шеккен өңірлер оқу процесіне қажетті құралдармен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Эвакуациялық пунктердегі 4 мыңға жуық бала тұру және оқу үшін қолайлы орынжайларға ата-аналарымен бірге орналастырылды, оның ішінде 600-ге жуық оқушы сауықтыру орталықтарына, 2 мыңға жуық бала колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларына, 600-ге жуық бала республикалық маңыздағы инновациялық мектеп-лицей жатақханаларына орналастырылды. Бұл туралы ҚР ОАМ ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы ОКҚ брифингінде хабарлады.

Резерв ретінде балалар мен олардың ата-аналары үшін қосымша 7094 орын әзірленді. Оқушылар қажетті оқу құралдарымен, тамақтанумен және киіммен қамтамасыз етілді. Қазақстан темір жолымен бірге балаларды сауықтыру орталықтарына тегін тасымалдау ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, зардап шеккен өңірлердегі балалар үшін емтихан тапсыру мерзімдері қайта қаралды. Бұдан бұрын Ақтөбе және Атырау облыстарында ТЖБ мен БЖБ өткізілмейтіні хабарланды. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысының зардап шеккен елді мекендерінде тұратын балалар үшін де ТЖБ мен БЖБ алынып тастау туралы шешім қабылданды. Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарында шешім жағдайға қарай қабылданатын болады, - деді спикер.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға