Жаңалықтар

Ташкенттегі чемпионатта алтын алатыныма сенімдімін - Жалолов

Ташкенттегі чемпионатта алтын алатыныма сенімдімін - Жалолов
Фото: Olympic.uz 09.05.2023 15:46 905

Бокстан Токио Олимпиадасының және әлем біріншілігінің чемпионы, өзбекстандық боксшы Баходир Джалолов "ТВ матчына" Ташкенттегі әлем чемпионатындағы трибуналардың қысымы әсер етпейтінін айтып, турнирдің 92 келіден астам салмақтағы алтын медалін жеңіп алатынына сенімді екенін атады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Sports.kz-тің жазуынша, Б.Джалолов Ташкенттегі әлем біріншілігінің ширек финалына шыққан оның жек-жегіне арена толы жанкүйер келетінін жеткізген.

Мен мұндай жағдайдағы боксқа үйреніп қалдым. Дүниежүзілік сериядағы шайқастар Ташкентте болған кезде атмосферасы соған ұқсас болады. Менен бәрі тек "алтын" күтетінін түсінемін, бірақ бұл маған ешқандай ауыр "қысым" тудырмайды. Біз бұл сында міндетті түрде алтын медаль аламыз. Барлық жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін рахмет айтамын, - деді Джалолов сұхбат барысында.

10 мамыр күні өзбек боксшысы Баходир Джалолов әлем чемпионатында ширек финалында отандасымыз Қамшыбек Қонқабаевқа қарсы айқасқа шығады. 
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға