Жаңалықтар

Ташкентте өткен қайырымдылық шарасында қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды

Ташкентте өткен қайырымдылық шарасында қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды
Фото: Сыртқы істер министрлігі 31.05.2023 19:44 548

Ташкентте қайырымдылық фестивалі өтіп, қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, ел астанасында Өзбекстанда тіркелген дипломатиялық өкілдіктер арасында мәдени дәстүрлер мен ұлттық тағамдардың XIX қайырымдылық фестивалі ұйымдастырылған.

Ташкентте өткен қайырымдылық шарасында қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі жанындағы Дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету бюросы он тоғызыншы рет ұйымдастырып отырған жыл сайынғы іс-шарада Ташкентте жұмыс істейтін елшіліктер мен консулдықтары қызметкерлерінің жұбайлары аспазшы және аспаздық мамандар ретінде өнер көрсетті. Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат балалар үйлеріне берілді.

Ташкентте өткен қайырымдылық шарасында қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды

Фестивальде қазақтың ұлттық тағамдарының кең ауқымы ұсынылды.

Еліміздің ұлттық ерекшеліктерін барынша көркем бейнелегені үшін Ташкенттегі қазақстандық дипломатиялық өкілдік «Фестивальге белсенді қатысқаны үшін» дипломымен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға