Жаңалықтар

Ташкент пен Талдықорғанның медициналық колледждері тәжірибе алмасуда

Ташкент пен Талдықорғанның медициналық колледждері тәжірибе алмасуда
04.04.2019 12:08 2175

 Талдықорған қаласына Өзбекстан Республикасының П. Боровский атындағы Ташкент қалалық медициналық колледжінен арнайы делегация келді.

Қонақтар алдымен қаладағы Достық үйінің қызметі мен аталмыш ғимаратта қызмет ететін түрлі этномәдени орталықтарының жұмысымен танысты.

Дөңгелек үстел барысында жалғасқан бұл кездесуде делегация басшысы Гульчихра Алимджанова: «Қазақстан Республикасы аумағында тұратын өзбек этнос өкілдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрлерін дамыту үшін барлық қолайлы жағдайдың жасалғандығына көзім жетті. Бұл елді мекендеген халықтардың этномәдени дамуын, олардың  тілі, салт-дәстүрі, әдеп-ғұрыптарын сақтау жолында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Достық үйінің атқарып жатқан жұмысы қыруар», – деп атап өтті.

Делегация мүшелеріне Алматы облысы Қазақстан халқы ассамблеясының атынан «Жетісу – Достық өлкесі» атты кітап табыс етілді.

Сонымен қатар олар Талдықорған жоғары медициналық колледжімен тәжірибе алмасу мақсатында шеберлік сыныптарын өткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға