Жаңалықтар

Тас жол, жылу, газ және сумен жабдықтау желілерін жаңғыртуға Ұлттық қордан 3,6 трлн теңге бөлінеді

Тас жол, жылу, газ және сумен жабдықтау желілерін жаңғыртуға Ұлттық қордан 3,6 трлн теңге бөлінеді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 11.09.2023 16:55 521

Келесі жылы тас жол, жылу, газ және сумен жабдықтау желілерін жаңғыртуға ұлттық қордан 3,6 трлн теңге бөлінеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілісте қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстырды.

Оқи отырыңыз:

Жалпы 2024 жылы түсімдер 20,4 трлн теңге деңгейінде болжануда. Трансферттерді есептемегенде, 2024 жылға арналған кірістер 16,1 трлн теңге немесе түсімдердің жалпы сомасының 80% көлемінде жоспарлануда. Келесі жылы ұлттық қордан 3,6 трлн теңге көлемінде трансферт тарту жоспарлануда. Оның ішінде нысаналы трансферттер 1,6 трлн теңге. Аталған қаражат әлеуметтік маңызды және стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады. Ол автомобиль жолдарын, жылу, газ және сумен жабдықтау желілерін, инженерлік желілерді жаңғырту, сондай-ақ «Жайлы мектеп» және «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобалары шеңберінде бірқатар әлеуметтік нысананы салу, - деді вице-министр.

Абзал Бейсенбекұлы 2024 жылы бюджет тапшылығы ЖІӨ 2,6 пайыз деңгейінде болжанатынын алға тартты. Ал 2026 жылға қарай 2,3 пайызға дейін біртіндеп төмендейді екен.

2024 жылға арналған шығыстар 2023 жылмен салыстырғанда 1,5 трлн теңгеге ұлғайып, шамамен 24 трлн теңгені құрайды. Атап айтқанда, бюджет шығыстарының негізгі шығыстар үлесі әлеуметтік салаға тиесілі және 2024 жылғы бюджет шығыстарының 40 пайыздан астамын құрайды. 2024 жылға әлеуметтік төлемдерге арналған шығыстар 5,3 трлн теңге  көзделген, оның ішінде базалық зейнетақы мен жәрдемақыны инфляция деңгейіне, ынтымақты зейнетақы инфляциядан 2 пайызға артып индекстелді, - деді қаржы вице-министрі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға