Жаңалықтар

Тарихымыздың қайғылы кезеңдерін терең зерттеу керек - Тоқаев

Тарихымыздың қайғылы кезеңдерін терең зерттеу керек - Тоқаев
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 31.05.2023 09:00 759

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Twitter-де арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біз бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Тоталитаризмнің бұл қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді. Тарихымыздың қайғылы кезеңдерін терең зерделеп, жазықсыз жапа шеккен боздақтарды ақтау ісін жалғастыру – өте маңызды мәселе, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де.

Ол азалы күндерден сабақ алып, мұндай нәубеттің келешекте қайталануына жол бермеу – баршамызға ортақ парыз деп жазған. Біз ауыр сынаққа төтеп берген, ұлт бірлігін сақтап қалған және асыл қасиеттерін жоғалтпаған ата-бабамыздың үмітін ақтауымыз қажет деп айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға