Жаңалықтар

Тарихи медаль: отандық шорт-трекші әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Тарихи медаль: отандық шорт-трекші әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Фото: Olympic.kz 25.02.2024 10:33 446

Қазақстандық шорт-трекші Алина Әжіғалиева әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агеттігі.

Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында спортшымыз 1500 метр қашықтықтың финалына шығып, мәреге екінші болып келді. Мажарстан спортшысы Майя Дора Сомоди чемпион атанса, қытайлық Ванью Лю қола жүлдеге қол жеткізді.

Бұл - еліміздің тарихындағы бұрымды шорт-трек шеберлерінің әлем чемпионатында еншілеген тұңғыш жүлдесі. Бұған дейін әлем біріншілігі жүлдегерлерінің қатарында тек Денис Никиша болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға