Жаңалықтар

Тарихи медаль: Денис Никиша әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Тарихи медаль: Денис Никиша әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Фото: ҚР ҰОК 16.03.2024 21:04 2600

Шорт-тректен Нидерландтың Роттердам қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Денис Никиша күміс медаль иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Olympic.kz мәліметінше, қазақстандық спортшы 500 метрге жарысудан мәре сызығын екінші болып кесті. Оның нәтижесі - 41.676. 

Алтын медальді Қытай, қоланы Канада спортшылары иеленген. 

Айта кетелік, бұл - отандық шорт-трек тарихында біздің спортшылар жеңіп алған тарихи медаль. Бұған дейін Қазақстан командасының өкілдері ересектер арасындағы әлем чемпионатында жүлде алған емес.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға