Тарих, триллер, экшн: күзде қандай фильмдер шығады?

Тарих, триллер, экшн: күзде қандай фильмдер шығады?
Фото: kazakhcinema.kz

2026 жылдың күзі  киносүйер қауым үшін ерекше болғалы тұр. Тамыздың соңынан бастап кинотеатрларда экшн, тарихи драма, детектив, триллер және катастрофа жанрындағы бірнеше ірі жоба көрерменге жол тартады. Олардың қатарында Қазақстандағы алғашқы истерн, ел тарихындағы ең ірі орман өрті туралы алғашқы катастрофа фильмі және қазақ кәсіпкерлігінің бастауын баяндайтын тарихи туындылар бар. 

«Болған оқиға 2»

Премьерасы – 20 тамыз

Біржан тыныш өмір сүріп, заңгер болуды армандайды әрі жеке өміріндегі маңызды өзгерістерге дайындалып жүреді. Алайда кездейсоқ табылған бір зат оның өз шығу тегіне қатысты күмәнін оятып, туған анасын іздеуге итермелейді. Ағаларымен бірге ол өткеннің құпияларын ашуға кіріседі. Ізденіс оларды көптен бері ұмыт болған оқиғалар мен атышулы қылмыстық істің мән-жайына алып келеді. Отбасы туралы шындықты білуге ұмтылған Біржан өзі және өткен өмірі туралы бұрын-соңды беймәлім болған сырларға тап болады. Бұл сұрақтардың жауабы оның өзі жайлы және өткені туралы қалыптасқан түсінігін түбегейлі өзгертуі мүмкін.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от “БОЛҒАН ОҚИҒА 2” (@bolgan_oqiga_film)

Фильмде басты рөлді Нұрсұлтан Үсенов, Жанболат Найзабеков, Мерей Мұхтарұлы, Қуандық Шәкіржанов, Бақтыгүл Серікбаева, Ұлбосын Шалқарова мен Ақнұр Рахат сомдайды.

 

«14 күн»

Премьерасы – 27 тамыз

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Азамат Рзагалиев (@azarza_)

Фильм бала кезден бірге өскен үш достық хикаясына негізделген. Ауылдағы күйбең тіршілікпен уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамаған сыныптастардың Басты рөлдерде Әбілмансұр Серіков, Әшім Ахметов, Қанат Тасхан, Гүлнәз Жоланова, Мақпал Исабекова, Сабина Мовлаева сомдайды. Фильмді  Yel Media Group таспалаған, режиссері – Олжас Нұрбай, бас продюсері – Маржан Әмренова.  

 

«Фамилия»

Премьерасы – 3 қыркүйек

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ramazan Amantay (@ramantay)

Жаңа криминалды драма 3 қыркүйектен бастап көрерменге жол тартады. Сюжет бойынша қарапайым архитектор Марат Сұлтанбековтің ағасы Әділбек Сұлтанбеков күтпеген жерден билікке келеді. Осы сәттен бастап Мараттың өмірі түбегейлі өзгереді. Жалған достық пен өтірік қошемет-құрмет Маратты өзгерте ме? Әлде фамилияның салмағын Марат көтере ала ма? Кино осы сұрақтарға жауап іздейді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ramazan Amantay (@ramantay)

Фильмнің режиссері – Нұржігіт Мыңбаев. Басты рөлдерде Мағжан Асаубай, Мейірғат Амангелдин, Рамазан Амантай, Қасым Демеу. 

«38. Соңғы нүкте»

Премьерасы – 3 қыркүйек

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от «38» фильмі (@38_film_)

«38. Соңғы нүкте» – Қазақстандағы ең ірі орман өрті туралы түсірілген алғашқы толықметражды катастрофа фильмі. Картина 2023 жылы Абай облысындағы «Семей орманы» резерватында болған алапат өрт оқиғасына негізделген. Фильмде тілсіз жаумен арпалысқан орманшылардың, өрт сөндірушілердің және құтқарушылардың ерлігі баяндалады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от «38» фильмі (@38_film_)

Режиссері – Төребек Бейсебаев. Басты рөлдерде Алмат Сақатов, Асан Мәжит, Алтынай Нөгербек және басқа актерлер ойнайды. Бұл – қазақ киносындағы орманшылардың еңбегіне арналған алғашқы көркем фильм.

«Қара алтын»

Премьерасы – 10 қыркүйек

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Айсәуле Әбілда (@oisaule)

Mirai Production түсірген фильм тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы күрделі кезеңді суреттейді. Картина қоғамдағы өзгерістер, билік, бизнес және адамдар тағдырының тоғысуын баяндайды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 𝐊𝐈𝐍𝐎 | ЖАҢА ФИЛЬМ | ҚАРА АЛТЫН (@qara.altyn_film)

Фильмнің режиссері – Мұрат Есжан. Басты рөлдерді Қуандық Қыстықбай, Әділ Ахметов, Бақытжан Әлпейіс және Әділжан Шомбалов сомдайды.

«Бүркітші»

Премьерасы – 10 қыркүйек

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от IzimovRamil' (@izi_move_r)

Детектив, драма, триллер жанрындағы фильмнің оқиғасы бүркітші Талғаттың аңшылық кезінде мектеп оқушысының мәйітін тауып алуынан басталады. Кейін ол жас тергеуші Әлиямен бірге өңірдегі жоғалып кеткен балаларға қатысты күрделі істің ізіне түседі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Бүркітші фильмі (@burkitshi_film)

Режиссері – Қуаныш Стаханов. Жоба Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген. Фильмге Берік Айтжанов, Зарина Кәрмен, Қуандық Жүнісов, Айнұр Бермахамбетова, Елдос Шайкенов, Ермек Шынболатов, Мерей Мақажан, Жасұлан Көпберген, Айжан Пернебекова сынды актерлер түскен. 

«Mūğalım»

Премьерасы – 20 қыркүйек

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Turan Film Academy (@turanfilmacademy)

«Mūğalım» фильмі режиссер Аяна Нұрдинованың көркем фильмі. Бұл – жас режиссердің толықметражды фильмдегі дебюті. Туынды Испанияда 18-26 қыркүйек аралығында өтетін Сан-Себастьян 74-ші халықаралық кинофестивалінің «New Directors» байқау бағдарламасына енді. Бұл Сан-Себастьян кинофестивалінің тарихында қазақстандық әйел режиссер түсірген алғашқы фильм.  Фильмнің продюсері – Аружан Досымқожа, қоюшы операторы – Айгүл Нұрболатова. Басты рөлдерді Олжас Дәлелхан, Рүстем Жаныаманов, Шынар Жәнісбекова, Гүлнәр Дусматова, Ольга Ландина, Бақытжан Әлпейіс, Мадина Есман, Анна Старченко және Акиф Петров сомдады. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Feature film created by Kazakhstan filmmakers (@mugalim.film)

Фильм Балқаш қаласында тұратын музыка пәнінің мұғалімі туралы оқиғаны баяндайды. Үлкен қалаға көшуді армандаған басты кейіпкерге өз арманына қол жеткізу мүмкіндігі туғанда, өнерге адал болу мен өз өмір жолын таңдау арасында күрделі шешім қабылдауға тура келеді. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Feature film created by Kazakhstan filmmakers (@mugalim.film)

Айта кетерлігі, 20 қыркүйекте фильмнің әлемдік премьерасы болады. Ал қазақстандық прокатқа қашан шығатыны туралы мәлімет жоқ. 

«Жеті қарақшы»

Премьерасы – 24 қыркүйек

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Tartaria Films (@tartariafilms)

«Жеті қарақшы» – драма, комедия және экшн элементтерін біріктірген ауқымды жоба. Ең басты ерекшелігі – бұл Қазақстандағы алғашқы истерн жанрындағы фильм. 

Режиссері – Қуаныш Бейсек, продюсері – Алмас Жәлі, халықаралық продюсері – Анна Качко. Сценарий авторлары – Алдияр Жапархан мен Қазыбек Оразбек.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Tartaria Films (@tartariafilms)

Фильмде Еркебұлан Дайыров, германиялық актер Винценц Кифер, Азат Жұмаділ, Әшім Ахмет, Шұғыла Ешенова, Ерболат Әлқожа және басқа актерлер ойнайды. Дистрибьюторы – Ascar Cinema (Meloman Entertainment).

«Күлпәш»

Премьерасы – 11 қараша

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от SATAIFILM (@sataifilm)

Драма жанрындағы фильмнің режиссері – Ақан Сатаев. Қазақ әйелінің тағдыры мен ашаршылық жылдарындағы қасіретті суреттейтін тарихи драма жанрындағы жаңа туынды. Фильм Бейімбет Майлиннің осы аттас әңгімесінің желісімен түсірілген.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от SATAIFILM (@sataifilm)

Басты рөлдерді Гүлмира Хасанова мен Еркебұлан Дайыров сомдайды. 

Оқи отырыңыз