Жаңалықтар

Тарих қайталана ма? Роналду «Әл-Наср» бапкерін ауыстыруды талап етті

Тарих қайталана ма? Роналду «Әл-Наср» бапкерін ауыстыруды талап етті
Фото: instagram.com/cristiano 12.04.2023 12:26 1223

Әлемдік футбол жұлдызы Криштиану Роналду «Әл-Наср» клубының бас бапкері Руди Гарсияның жұмысына көңілі толмайтын болып шықты, деп хабарлайды El.kz.

AS мәліметінше, 38 жастағы шабуылшы клуб басшылығына маманды ауыстыру туралы өтініш жасаған.

«Португалиялық жұлдыз Руди Гарсияның ұстанған бағытына да, футболшылардың алаңдағы жұмысына да көңілі толмайды. Ол бұдан да жоғары деңгейде өнер көрсетуге және жеңімпаз атануға әлеует жететініне сенімді», – делінген басылымда.

Роналду Сауд Арабиясы клубының сапында өткізген 10 ойында 11 гол соқты. Сөйте тұра Криштианудың командасы алдымен Суперкубокке талас жолынан шығып қалса, енді ішкі біріншілікте чемпиондық атақтан да үміт үзуі мүмкін.

Бұған дейін Роналду «Манчестер Юнайтедтен» де бас бапкер Эрик тен Хагтың жұмысына толмай кетіп еді. Оның Катардағы әлем чемпионаты алдында берген сұхбаты біраз дау туғызды. Оның соңы екі тараптың келісімшартты бұзуымен аяқталды.

Ал жылдың басында португалиялық футболшы «Әл-Наср» клубының сапын толықтырды. Жылдық табысы 200 млн долларға тең.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға